Төрт күннің ішінде «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша 600 ақтөбелікпен келісімшарттар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт күннің ішінде «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша 600 ақтөбелікпен келісімшарттар жасалды

Төрт күннің ішінде «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша 600 ақтөбелікпен келісімшарттар жасалды

Ақтөбе облыстық әкімдігінде «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруға арналған кеңес өтті.

  • 10 Қараша 2012
  • 311
Фото - Caravan.kz

Оған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ трансферагенттік қызметтер көрсететін «Қазақстан халық банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «МұнайГазДем» Зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Актөбе филиалының, «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «Халықтық IPO» бағдарламасының іске асырылуының алғашқы нәтижелерін «Қазақстан халық банкі» АҚ АОФ директорының орынбасары Мейіржан Бекмұханбетов пен «Қазпошта» АҚ АОФ-ның директоры Серік Берденов жариялады.

Жалпы алғанда шараның 4 күнінде акцияларды сатып алу бойынша Халық банкінің қызметіне 18 адам жүгінді, ал «Қазпошта» әлеуетті халықтық акционерлермен 600-ге жуық келісімшартты рәсімдеді.

Соңғы жаңалықтар