Төрт пәтер мен төрт көлік, бір коттедж, саны жоқ әшекей мен сөмкелер: Перизат Қайраттың бүкіл мүлкі бұғатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт пәтер мен төрт көлік, бір коттедж, саны жоқ әшекей мен сөмкелер: Перизат Қайраттың бүкіл мүлкі бұғатталды

Төрт пәтер мен төрт көлік, бір коттедж, саны жоқ әшекей мен сөмкелер: Перизат Қайраттың бүкіл мүлкі бұғатталды

Қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жалғастырып жатыр

  • 13 Желтоқсан 2024
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері тәркіленді.

«Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада. 

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. тергеу жалғасып жатыр. 

Перейти к новостям спорта