Алғашқы жолдаманы 49 келі салмақ дәрежесінде Шалқар Айдынбай еншіледі. Ол жартылай финалдық бәсекеде Үндістан боксшысы Шуан Какарудан 2:1 есебімен басым түсті.
Тап осындай есеппен тағы екі қазақстандық — Сұлтан Зауырбек (56 келі) Ұлыбритания спортшысы
Петер Макграинды, ал Вадим Казаков (81 келі) норвегиялық Вегар Трегренді ұтты.
Абылайхан Жүсіпов (60 келі) болса, өзбек боксшысы Икболжан Холдоровты айқын басымдықпен
жеңді — 3:0.
Финалдық жекпе-жектер ертең, 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.



