Төрт жастағы Ульянаға 6 млн теңге қажет; осыған дейінгі ем зая кетейін деп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт жастағы Ульянаға 6 млн теңге қажет; осыған дейінгі ем зая кетейін деп тұр

Төрт жастағы Ульянаға 6 млн теңге қажет; осыған дейінгі ем зая кетейін деп тұр

Төрт жастағы қыз көмекке зәру. Қан тамыр дертінің ауыр түріне шалдыққан Ульяна Кононенко күрделі операцияға әзірленуде. Отандық дәрігерлер көмектесе алмағандықтан, бүлдіршін Белоруссияға жіберілген.

  • 3 Маусым 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Науқас бала химиотерапия курсынан өтіп жатыр. Минск қаласында оның сүйек майын ауыстыру көзделген. Осы мақсатта Еуропадан донор да іздестіріліпті. Ем-домның құны 25 млн теңгеге бағаланған. Қомақты қаражатты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі беруге уәде етті. Алайда ақша әлі түскен жоқ. Ал ата-ана үшін операцияға дайындалудың өзі қиынға соғуда. Оған 6 млн теңге қажет. Егер тиісті сомма бірнеше күннің ішінде жиналмаса, осыған дейін жасалған еңбектің барлығы зая кетпек. Кішкентай Ульянаға қол ұшын созам деушілер төменде көрсетілген  телефондар арқылы хабарласа алады.


Сергей Кононенко, Ульянаның әкесі:

— Бізде дәулетті,әрі жомарт адамдар аз емес. Олардан, сондай-ақ, түрлі қоғамдық ұйымдардан көмек сұраймыз. Жалпы отандастарымыз науқас бөбектің тағдырына бейжай қарамайды деген үміттемін.

 

Астанадағы байланыс телефондары:

516926, 793603 немесе

+7 701 220 84 30, +7 777 955 55 40

Соңғы жаңалықтар