Төрт-бес баласы барларға қанша ақша төленбек? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт-бес баласы барларға қанша ақша төленбек?

Төрт-бес баласы барларға қанша ақша төленбек?

Төрт, бес баласы барларға мемлекеттен нақты  қанша теңге төленбек?  

  • 10 Желтоқсан 2019
  • 134
Фото - Caravan.kz


Жаңа жәрдемақының тағайындалуына 25-ақ күн қалды. Бірақ, парламентке келіп, әлеуметтік көмектердің механизмін түсіндіре алмаған министрлік басшылары,  депутаттардан бүгін оңбай сөз естіді. Ащы шектей шұбатылған  сөздерден мәжілісмендер әбден шатасты. Көп балалы отбасыларға берілетін  әлеуметтік пакеттің жобасын ұға алмай дал болды депутаттар.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

21 мың теңгемен жарылқап келген Үкімет, енді жаңа жылдан кейін әлеуметтік көмектерді төлеудің тетігін өзгертіп жатыр. Мәселен былай. Көп балалы жанұяға табысына қарамай мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
 
Әр балаға 10600 теңгедей беріледі. Есептей беріңіз. 4 баласы бар жанұя 42 мыңдай алса, 5 баласы бар үй 53 мың, 7 және одан көп балалы отбасына 74 мың теңгеден төленеді. Егер осы қаржыны бергеннен кейін отбасының табысы  кедейшілік шегінен аспаса, онда оларға атаулы әлеуметтік көмек, қысқаша айтқанда «АСП» тиесілі. Онда да оның талаптары бар.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде жанұяда еңбекке жарамды азаматтар болса, ол кісілерді жұмыспен қамту шараларына тартамыз. Егерде сол әлеуметтік көмек алып жүріп, сол жұмыстан бас тартса онда бүгінгі таңда өзіне ғана әлеуметтік көмегі тоқтатылатын болса, жаңа жылдан бастап бүкіл жаняұға тоқтатылатын болады. Осылайша, үйдегі отағасының жауапкершілігін арттырамыз».

Табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы 340 мың отбасына берілмек.  Және  жәрдемақы  алатын жанұялардың сыртта жүрген студент балалары да басқа қалада тіркеуде тұрса да, өз отбасымен  бір мекенжайда тұрады деп есептеледі. Бұдан бөлек,  2020 жылдан бастап табысы аз отбасылардың 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларына кепілді әлеуметтік пакет қарастырылып отыр. Оның ішінде мектепте тегін ыстық тамақ беріледі, оқу құралы мен киім-кешекпен қамтылады. Медициналық көмек көрсетіледі. Алайда, осы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті түсіндіруге келгенде министрлік басшылары міндеттерін бір-біріне сілтеп, депутаттарды шатастырды.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«То есть всеобуч будут получать те, кто не получает АСП? Вы нас в заблуждение ввели. Я попрошу отвечать представителей министерств на конкретные вопросы конкретными ответами. Не надо вводить в заблуждение. С ваших слов мы поедем в регионы и будем разъяснять населению. На местах не должно быть путаницы».

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Бұл сұрақтың барлығы да халықтың көкейіндегі сұрақтар. Министрліктерде оған дайын еместіктерін көрсетіп отыр. Айтылған сөздер бір бірімен сәйкес келмей жатыр. Егер Парламентке келіп бізге түсіндіре алмаса, оны қарапайым халық қайдан түсінеді».

Әлеуметтік пакеттің айналасындағы дау мұнымен біткен жоқ.
 Мәселен балаларды тегін ыстық тамақпен қамтуға қаржы бөлініп жатыр. Алайда, кейбір білім беру ұйымдарында асхана жоқ болып шықты. Ең қызығы, депутаттар мен білім министрлігің қолындағы статистика екі түрлі.  

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Жаңа тіпті мектептердің санына дейін, министрлік 200 дейді, министрліктің жазбаша берген мәліметінде 940 мектептің асханасы жоқ. Ал кепілдендірілген көмекке бір мезгіл тегін тамақтану кіріп отыр. Егер асхана жоқ болса, ол тамақ қалай беріледі. Қазір шешімін табу керек».

Айтпақшы, жаңа жылдан бастап берілетін жәрдемақы үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарын жағалаудың қажеті жоқ екен.  «Е-халық» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы барлық қазақстандықтар туралы мәлімет базаға топтастырылады. Тиісті ведомство көпбалалы  отбасына қатысты барлық деректі осы жүйе арқылы анықтап, біліп отырады.

Соңғы жаңалықтар