Төртінші орын мен үшін биік жетістік - жас әнші Қайрат Түнтеков - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төртінші орын мен үшін биік жетістік - жас әнші Қайрат Түнтеков

Төртінші орын мен үшін биік жетістік - жас әнші Қайрат Түнтеков

Төртінші орын мен үшін де, республика үшін де биік жетістік деп ойлаймын.

  • 9 Тамыз 2010
  • 685
Фото - Caravan.kz

Өйткені бұған дейін бірде-бір қазақстандық әнші «Жаңа толқын» фестивалінде жеңіс тұғырына осыншалықты жақындаған жоқ. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген жас әнші Қайрат Түнтеков өзінің Юрмаладағы өнер көрсетуі туралы осындай пікір айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Түнтеков биыл Юрмалада өткен «Жаңа толқын» байқауына қатысып, 4-ші орынды иеленген болатын. Оның айтуынша, үздік үштікке енбей қалғаны өкінішті емес. «Алда жоспарлап жүрген қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде жаңа альбом жазу сынды басты шаруалар бар», дейді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Латвияның «Aukso Centras» зергерлік компаниясының еншілес кәсіпорны «Ideal group» корпорациясы Қайратқа арнайы сыйлық жасаған болатын. Қайраттың продюсері Динара Адамның айтуынша, жас әншінің Юрмалада киген киімін дайындаған дизайнер Максим Рапопорт «Жаңа толқында» ең үздік дизайнер деген арнайы жүлдеге ие болған. Ал белгілі дизайнер өз кезегінде Қайратқа фестивальда киген киімдерін тегін сыйға берген.