“Баланың көп болғаны дұрыс қой. Екеу ма, бесеу ма, неше болады, сонша. Үш баламның да есімін өзім қойдым. Астанада премияда “Қызым туылды. Атын Асылым деп қоямын әнге ұқсатып” дедім. Санжарды да өзім қойдым. Әдемі әрі жеңіл жатталып қалатын есім қойғым келеді”, – дейді Айқын.
Ал екінші сәбиін күтіп жүрген Жұлдыз артық салмақ қосып аламын деп қорықпайтынын айтты. Себебі:
“Бірінші жүктілімде 13 келі салмақ қостым. Екі айда қалыпқа келдім. Бірінші баламен қиын, әрине. Балаңның іші ауырса да түнімен ұйықтамайсың. Шай ішіп те, тамақ ішіп те үлгермейсің”, – дейді Жұлдыз.