Жарияланды: 420

Төртінші сессияда әр деңгейдегі лауазымды тұлғаларға 900-ге жуық депутаттық сауал жолданды

Өткен сессия барысында әртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларға 900-ге жуық депутаттық сауал жолданды.

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында, Парламенттің төртінші сессиясының жабылуы барысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті. «Депутаттардың округтердегі сайлаушылармен кездесулері, комитеттердің өңірлердегі көшпелі отырыстары, Үкімет сағаттары және сайлаушыларымыз бен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қоғамдық диалогтың басқа да жолдары Парламент депутаттарының заң шығару қызметін жетілдіруге айтарлықтай ықпал етті. Әсіресе, өңірлерге шығу кезіндегі сайлаушылармен қарым-қатынас барысында халық қалаулылары өздерінің заң шығарулары туралы есеп беріп, электораттың әртүрлі мәселелер жөніндегі пікірін тыңдайды. Нәтижесінде жұртшылықтың неғұрлым маңызды тілектер мен ұсыныстары зерделеніп, Үкімет назарына ұсынылады», - деді Мәжіліс Төрағасы. Оның айтуынша, төртінші сессия барысында 12 үкімет сағаты өтіп, оның шеңберінде ел тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері талқыланған. «Сонымен қатар, халық қалаулылары қызметінің депутаттық сауалдар секілді маңызды түрі де белсенді қолданылды. Өткен кезең ішінде әртүрлі лауазымды тұлғаларға 900-ге жуық депутаттық сауал жолданды. Олар мемлекетіміздегі көптеген көкейкесті проблемаларды қамтып, әртүрлі билік органдарының нақты іс-әрекеттерді жүзеге асырылуына ықпал етті», - деді О. Мұхамеджанов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін