"Төсек мәселесін ашық насихаттайды": Халық "Келінжан" продюсерінің жаңа киносына бойкот жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.91
  • 586.33
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төсек мәселесін ашық насихаттайды": Халық "Келінжан" продюсерінің жаңа киносына бойкот жариялады

"Төсек мәселесін ашық насихаттайды": Халық "Келінжан" продюсерінің жаңа киносына бойкот жариялады

Журналист Ертай Нүсіпжанов желі қолданушыларын Гүлнұр Мамасарипованың продюсерлігімен түсірілген "Кәрі қыз" фильміне байкот жариялауға шақырды.

  • 31 Қаңтар
  • 123
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, продюсердің жаңа туындысы төсек мәселесін, некесіз бала тууды, ішімдік ішуді ашық насихаттайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жаңа Қазақстанның +14 отандық фильмі. Ішімдікті үйрету, белден төмен әңгіменің насихаты, төсек әңгімесі, тіл тазалығы жоқ, некесіз бала туудың насихаты. «Кәрі қыз» теріс тәрбие беретін фильмге байкот. Жер-жерде жарнамасы жүріп жатқан фильм бүгіннен бастап үлкен экранға шықты. Шықпауы тиіс еді. Бірақ шықты. Себебі, бұл біз — Жаңа Қазақстан! Тәртіпсіз, тәрбиесіз ұрпақ аспаннан түспейді. Осылай өзіміз тәрбиелеп жатырмыз. Бала-шағамен бірге барып қасында отырып көреміз… Сұрауы кімнен?», — деп жазды Ертай Нүсіпжанов.

Желі қолданушылары да аталмыш фильмнің үлкен экрандарда көрсетілуіне қарсылық білдіруде.

«Масқара, не болып кетті? Сонда 14 жасар қыздарымыз осындай кино көре ме?», «Халықтың мәдениетін әдейі төмен дәрежеде ұстап отырудың тәсілі. Осындай киноларға арнайы ақша бөлінетін сияқты», «Тым жақсы әртістер, ойнап жатқан рөлдері жүректі ауыртады», «Ұят-ай, көрсетілмесін», «Халықтың деңгейі осындай болып тұр. Ешқандай мемлекеттік бақылау жоқ», «Санасыздар, Келін деген киносын да әлдеқандай қылып хит етті ғой. Онда да тәрбие жоқ, қазақи тәрбиеден дым жоқ. Анайы сөздер, көкбет әйел», — деп жазды олар.