Төсек қатынасы немесе Ақпарат министрлігі халықты қоздыру үшін тендер бөлген бе - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төсек қатынасы немесе Ақпарат министрлігі халықты қоздыру үшін тендер бөлген бе

Төсек қатынасы немесе Ақпарат министрлігі халықты қоздыру үшін тендер бөлген бе

Қазақ журналистерінің төсек пен жыныстық қатынастан басқа жазарлары қалмады ма

  • 10 Сәуiр 2018
  • 333
Фото - Caravan.kz

Соңғы кездегі БАҚ беттерінде көбейіп кеткен бейәдеп тақырыптар туралы заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол өзінің парақшасында былай деген:

«Көктемнің әсері ме, әлде қазақ журналистерінің (кейбір) төсек пен жыныстық қатынастан басқа жазарлары қалмады ма белгісіз!

Фейсбукты ашып қалсаң, бір сайт төсекте қанбай жүрген қаншық жайлы жазады. Екінші сайт негрге тиген қазақ қызын жарнамалайды. Үшінші сайт көзіне шөп салған малғұндарды жазады,.

Ақпарат министрлігі не үшін құрылды? Осы ақпараттарды бақыламаса? Әлде халықты қоздыру үшінде тендер бөлінген бе? Сайттардың тоқтамай "порно история " жазғандарына қарап жоғары жақта бір төсек құмар біреу отырма деп қаласың! Зорлық-зомбылық көбейді деп ойбайлаймыз! Телеарналарды былай қойып, енді сайттар жыныстық қатынастар жайлы ақпаратты таратуына не себеп? Бұны оқыған жастар бұзылмаған да кім бұзылады? Ұлттық идеология қайда? Миллиондаған қаржылар не үшін бөлініп жатыр ақпарат саласына? Ақпарат саласын БАҚ өкілдерін бақылауда ұстай алмаса не үшін құрылды?
Сұрақ көп, жауап жоқ. Құдды бір қазақты құрту саясаты жүргізіліп жатқан сияқты, қазақтың әр қызын неше түрлі шет елдік маймылдармен жарнамалап!
Маңызды мәселелер қалмағандай елде, өңкей аңдығандары төсек! Ұят емес пе?!»,- деп жазды заңгер.

 

Ұқсас тақырыптар:

Айгүл Орынбек Сон Паскальды Италиядан келген бомж деп атады
Шымкенттік заңгер облыс әкімін тікелей эфирде дебатқа шақырды