"Total»-дың жаңа басшысы Назарбаевпен Қашаған туралы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Total»-дың жаңа басшысы Назарбаевпен Қашаған туралы сөйлесті

"Total»-дың жаңа басшысы Назарбаевпен Қашаған туралы сөйлесті

Әлемге әйгілі «Total» компаниясының жаңа президенті Назарбаевпен кездесті. Алпауыт мұнай компаниясының бұған дейінгі басшысы былтыр Мәскеуде ұшақ апатынан көз жұмғанын айта кетейік.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Сол Кристоф де Маржеридің орнына келген ізбасары бүгін Ақордада Қазақстан президентімен келіссөз жүргізді. Патрик Пуянненің Астанаға жеке өзінің келуі бекер емес. Себебі «Тоталь» «Қашағанның» 17 пайыз акциясына ие. Сондықтан ірі кеніштегі жұмысына  қатысты шаруаларды Назарбаевпен келісіп пысықтап алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Алдымызда зор міндеттер тұр, соның бастыларының бірі Қашаған кенішін игеру болып отыр. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты  жалғастыратын боламыз.