Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады?

Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады?

Алматыда ашылатын Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлеріне жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес төленетін болады.

  • 11 Сәуiр 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, орталықта қызмет ететін жұмысшылар құрамы анықталған.

Орталыққа жұмысшылар Қазақстан мен Қырғызстан тарапынан квота бойынша жіберіледі. Әр тараптан бес адамнан жіберіледі. Олардың бәрі Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Халықаралық нормаларға сәйкес олар орталыққа іссапарға жіберіледі. Олардың жұмыс орны, еңбек өтілі сақталады. Бірақ жалақы халықаралық желі бойынша төленеді, — деп атап өтті вице-министр Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сондай-ақ ведомство өкілі жалақы сомасын атады.

Айта кетерлігі, бұл орталықтың директоры үш жыл сайын ауысады. Үш жыл Қазақстан жағынан, ал келесі үш жыл Қырғызстаннан сайланады. Директордың жалақысы 2900 доллар. Ал қызметкерлердің айлығы 1500-1700 доллар шамасында болады. Халықаралық ұйымдарда орташа жалақы осы сомада екендігі белгілі, — деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» 
заң жобасы ратификацияланды
. Заң аясында Алматыда Төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады деп жоспарланып отыр.