Төтенше жағдай саласында хабардар ету ережесіне өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің қаулысы
![]() |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. |
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1394
2012 жылғы 2 қараша, Астана, Үкімет Үйі
«Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы
№50 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы №1394 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау,
халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары баспасөзде жарияланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін