Жарияланды: 1200

Төтенше жағдайлар басқармасы Медеу мен Шымбұлақта абай болуды ескертеді

Төтенше жағдайлар басқармасы Медеу мен Шымбұлақта абай болуды ескертеді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Медеу мен Шымбұлақ шатқалдарына барар жолда абай болуын ескертеді.

Өйткені 17 мамыр күнгі желден құлаған ағаштардың төменге сырғанау және жартылай сынған ағаштардың құлау қаупі бар. Ағаштардан құлаумен қатар, өрт шығу қаупі де бар. Бұндай қауіп Кіші Алматы шатқалы мен Медеу, Шымбұлақтың батыс, шығыс бөлігінде, сондай-ақ Кімасар, Горельник, Тұйық су, Сырасай, Көкжайлау, Просвещенец шатқалдарында да бар. ТЖБ табиғатта бұл аумақтарға барған жағдайда демалуды арнайы орындарда ұйымдастыруды, сондай-ақ тау шыңдарына шықпауды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть