Төтенше жағдайлар министрлігі 633 миллион теңгеге 71 дрон сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрлігі 633 миллион теңгеге 71 дрон сатып алмақ

Төтенше жағдайлар министрлігі 633 миллион теңгеге 71 дрон сатып алмақ

Үкімет резервінен төтенше жағдайлар министрлігіне арнап 71 дрон алу үшін 633 миллион теңге бөлінді.

  • 21 Тамыз 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті құжатқа қол қойған.

“Қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысы мен 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады”, – делінген құжатта. 

Бүгінгі таңда министрлік қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті.

“Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, – деп жазылған құжатта. 


Айта кетейік, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.