Төтенше жағдайлар министрлігі Азия ойындары өтетін нысандарда арнайы-тактикалық оқулар өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрлігі Азия ойындары өтетін нысандарда арнайы-тактикалық оқулар өткізеді

Төтенше жағдайлар министрлігі Азия ойындары өтетін нысандарда арнайы-тактикалық оқулар өткізеді

Тамыздың өткен 31-і күні ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына Алматы облысы мен Астана және Алматы қалаларынан қатыстырылатын нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы-тактикалық оқулар өткізу жөнінде кеңес өткізді.

  • 2 Қыркүйек 2010
  • 574
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры генерал-майор Диханбек Сатылғанов, Азиада ойындарын өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мәселен, төтенше жағдайлар қалыптасқан жағдайда жедел әрекет ету мақсатында, спорттық нысандар мен делегациялар орналастырылған жерлерге ТЖМ-ның күштері мен жеке құрамнан жасақталған кезекшілік бекітілетін болады. Кезекші топтың құрамына өрт қызметтері, Апатты медицина орталығының дәрігерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық жәрдем қызметтері мен құтқарушылар кіреді. Сондай-ақ Азиада барысында «Қазавиақұтқару» РМК да тұрақты кезекшілікте болады.

Сонымен бірге, 7-ші Қысқы Азия ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, үстіміздегі қыркүйек айының 13-18 күндері аралығында Алматы облысы мен Астана және Алматы қалаларынан ойынға қатыстырылатын нысандарда ТЖМ-ның құрылымдары мен кәсіби апатты-құтқару қызметтерінің қатысуымен «Қазқұтқару-2010» тактикалық-арнайы оқуларын өткізу жоспарлануда.

Оқуларға ТЖМ-ның аймақтар бойынша департаменттері мен құрылымдарының жеке құрамдағы 1132 адамы, 172 техникасы жұмылдырылады.