«Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы бөлімшелерін төтенше жағдайлар орнына шұғыл жеткізу үшін 2007-2009-жылдарда арнаулы 7 тікұшақ пен 2 ұшақ сатып алу мәселесі дәйектелуде»,- делінген құжатта.
Кеңесте сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі де талқыланды. «Бүгінде сейсмикалық тұрғыда аса қауіпті аймаққа жататын Алматы қаласы, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 6 млн. адам тұрады. Сол себепті тосыннан зілзала болу мүмкіндігіне және оның залал-зардаптарын тез арада жоюға жоғары деңгейде дайындықты қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі»,- деді отырыста төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров.
Апаттан құтқару қызметтері мен құрылымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін төтенше жағдайлар министрлігі 2005-2006-жылдарда 3,2 млрд. теңгеге құрал-жабдықтар , бұйымдар мен техника сатып алды. Оның ішінде МИ-171 тікұшағы, далалық емдеу-диагностикалық кешені, 2 мың адамға есептелген екі шатыр қалашық, 40-тан астам апаттан құтқару және өртке қарсы күрес мақсатындағы арнаулы техникалар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті