Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ТМД күштері корпусының ұлттық бөлімшесін қаржыландыруға Қазақстан 2003-жылы 158,19 мың доллар жұмсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ТМД күштері корпусының ұлттық бөлімшесін қаржыландыруға Қазақстан 2003-жылы 158,19 мың доллар жұмсайды

Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ТМД күштері корпусының ұлттық бөлімшесін қаржыландыруға Қазақстан 2003-жылы 158,19 мың доллар жұмсайды

Төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ТМД күштері корпусының ұлттық бөлімшесін дамыту жөніндегі Келісім бойынша бағдарламалық шараларды жүзеге асыруға Қазақстан 2003-жылы 158,19 мың доллар жұмсайды.

  • 15 Шiлде 2003
  • 553
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 15-шілдеде Алматыда ашылған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің 17-отырысының шешімдеріне арналған ұсыныстар жобасынан белгілі болды.

Ұсыныста атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда ТМД күштері Корпусының басқару , байланыс және құлақтандыру жүйесін дамытуға 48,54 мың доллар, техникалық қайта жарақтандыруға 108,82 мың доллар, жан-жақты моральдық-психологиялық қамтамасыздық жүйесін дамытуға 65,64 мың доллар, маман дайындау жүйесін жетілдіруге 19,86 мың доллар, қаржыландыру жүйесін жетілдіруге 0,06 мың доллар, құқықтық-нормативтік құжаттар жобасын жасауға 0,26 мың доллар, ТМД күш құрылымдарын дамыту мәселесіне орай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және оларды қолдану принциптерін жетілдіруге 20,48 мың доллар қажет.

Соңғы жаңалықтар