Жарияланды: 310

ТПҚ: Алматыда өнер майталмандары сыйлықтармен марапатталды

Бүгін Алматыда әр салада жүрген өнерлі азаматтар Тұңғыш президент қорының сыйлығымен марапатталды. Айтулы шара болашағы мол жас ғалымдардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр екен.

Айта кету керек, биыл республикалық конкурс 4-ші рет өткізілді. Әдеттегідей шараға қоғамда кеңінен танымал болған тұлға, ғылыми зерттеулер, әзірлемелер, шығармашылық жобалар мен бағдарламалар қатыстырылыпты. Десе де, соңғы турға үздік шыққан тек 20 жоба іріктелген. Осыған орай, бүгін әр сала бойынша «жеңімпаз» атанғандар Тұңғыш Президенті қорының сыйлықтарымен марапатталды.

Аян Өтепберген, актер:

- Осы Тұңғыш президент қорына үлкен алғысымды білдіремін! Өйткені, мені жас демей осындай сыйлықты бергеніне. Жалпы бұны «Мың балада» ойнағаным үшін берді, бұл тек мен үшін ғана емес, осы кинода жұмыс істегендердің де еңбегі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін