ТПҚ-ның ұйымдастырумен пәнаралық олимпиада өтіп жатыр
|
Алматы облысында 11-ші сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен олимпиада өтіп жатыр. Білім бәйгесіне Қарасай ауданындағы мектептерден 175 оқушы бақтарын сынауда. Шараға мұрындық болған - Тұңғыш президент қоры.
Дәстүрге айналған пәнаралық олипиада биыл 4 ші мәрте жалауын көтерді. Биылғы доданың ерекшелігі сайыс мектеп кабырғасында емес Алматы іргесіндегі Сүлеймен Демерил университетінде өтуі. Жарыста оза шапқандары осы жоғарғы оқу орнына түсуге мүкіндік алмақ. Ал олимпиада қорытындысы ертен белгілі болады.
Еркін Исрайылов, «Қарасай ауданы білім беру қорының» атқарушы директоры:
- Келешекте осы тәжірибені қолға алып, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларды өткізу жоспарда бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін