ТҚЖБ өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТҚЖБ өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты

ТҚЖБ өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін бір айға ұзартты.

  • 1 Маусым 2016
  • 312
Фото - Caravan.kz

2016 жылдың 31 мамырының операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша өтемақы төленуі тиіс 452069 салымның 160765 салымы бойынша қосымша келісімге қол қойылмаған. Осыған орай Директорлар кеңесінің шешімімен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімінің ұзартылғанын жариялайды (Қосымша келісімге қол қоюдың соңғы күні – 30 маусым 2016 жыл). «Көбінде сомасы 1 млн теңгеден аспайтын депозиттер бойынша келісімдерге қол қойылмаған. Банкте мұндай 150248 салым бар. Жинақ сомасы 1 млн теңгеден асатын 10518 депозиттің иесі Банкке хабарласпаған», — деп хабарлайды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша өтемақы бюджет қаражаты мен банктің табысы есебінен екі транш арқылы төленеді. Өтемақы көлемі 35,5% болады. 2016 жылы – 19,2%, 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді. Қосымша келісімге қол қою үшін салымшылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез-келген жақын маңдағы бөлімшесіне хабарласа алады. Сондай-ақ электронды-сандық қолтаңбаны пайдала отырып, www.egov.kz порталында немесе банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында, онлайн режимде қосымша келісімге қол қоюға болады.