Бұл санды департамент сарапшылары соңғы бірнеше жыл бойы елімізге қайтарылған азаматтардың санына талдау жасау негізінде есептеп шығарды, деді У.Қоңырбаев. Мәселен, жол шығынын өтеу үшін 70 мың доллар қажет болса, қалған 30 мың долларды зардап шеккендердің тағамына, қонақ үй ақысына және қажетті жағдайда күнделікті тұтыным заттарын сатып алуға жұмсау көзделген.
У.Қоңырбаевтың айтуынша, ҚР СІМ 2004-жылдың 22-желтоқсанында экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне сұралған қаржыны 2006-жылғы бюджетте «дербес бюджеттік бағдарлама» түрінде ескеруді өтініп хат жолдады. Бұл бағдарламаның администраторы міндетін, оның айтуынша, ҚР СІМ атқарады.
Ал қазіргі жағдаймен траффик құрбанына айналған Қазақстан азаматтарын елге қайтару ісіне халықаралық ұйымдар, елшіліктер мен ҚР консулдық мекемелері қаржылық көмек беруде.
ҚР СІМ консулдық қызметі департаментінің мәліметі бойынша, 2003-жылы республиканың дипломатиялық өкілдіктері еліміздің 24 азаматын кері қайтарды. Ал 2004-жылдың алғашқы жартысында 16 азамат елге оралды.