Ол өртенген үйге барып, фото, видео түсірген депутат пен қоғам белсендісін сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист өз пікірін желідегі парақшасында білдірді.
«Мәжіліс депутаты Талғарға мобилографымен келіп, әдемі фотолар, рилстер түсіріп қайтыпты. Қайырымдылық қорының өкілі көрмеге келгендей өртенген үйдің жанында фотоға түсіп әлек.
Трагедия орнын киноплощадка қылу біздікілерге «сән ғой»», — деп жазды журналист.
Айта кетейік, Талғардағы марқұм Шерзаттың үйіне барған мәжіліс депутаты Ардақ Назаров еді. Көпшілік оның оқиға орнына мобилографпен келгенін жаппай сынап жатыр. Халық қалаулысы тек фото, видео үшін, оқиға орнына барды деп шулауда халық.