Тракторшы өртеніп кеткен орман ағаштары үшін жауап берді - Павлодар облысы
Павлодар облысындағы Железин аудандық соты ауылдық тракторшыны орманды жоюда айыпты деп таныды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен. |
Оған бір жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, жазаны тұрғылықты жері бойынша өтейтін болады.
Биылғы жылдың шілде айында ауыл тұрғыны тіркеу нөмірлерінсіз және қалдықты газ шығаратын түтігінде жалын ұшқынын басатын құрылғысы жоқ трактормен Михайлов орман шаруашылығының аумағында құрғақ дала шөбін шапқан. Одан шыққан шоқтар далада болған, кейін орман ағаштарына тараған өрттің себебі болды.
Сотталушы оған тағылған айыптарды толық мойындады. Ол өртті көре сала, оны сөндіруге тырысқанын, алайда қатты желден ол мүмкін емес болғанын атап өтті. Зардаптардан қорыққан ол үйіне кетіп, өрт туралы ешкімге хабарламаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін