Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Дональд Трамп елдегі қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

  • 5 Маусым
  • 4
Фото: flickr/Gage Skidmore

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

CBS News телеарнасының мәліметінше, тыйым салынған елдерге келесілер кіреді: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен. Сонымен қатар, тағы жеті елдің – Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарына қатысты ішінара шектеулер енгізілді.

«Президент Трамп американдықтарды біздің елге келіп, бізге зиян тигізгісі келетін қауіпті шетелдік субъектілерден қорғау туралы уәдесін орындайды», – деді Ақ үйдің өкілі Абигейл Джексон.

Оның айтуынша, бұл елдерде адамдарды тиісті түрде тексермейді, сонымен қатар, бұл мемлекеттерде мерзімі өткен визалар көп. Жарлықта кейбір ерекшеліктер қарастырылған: мысалы, тыйым қос азаматтығы бар адамдарға, шетелдік дипломаттарға, спортшыларға және басқа да кейбір санаттарға қолданылмайды.