Трамп 150-ден астам елге 10–15% баж салығын салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп 150-ден астам елге 10–15% баж салығын салмақ

Трамп 150-ден астам елге 10–15% баж салығын салмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп 150-ден астам елге 10-нан 15 пайызға дейінгі баж салығын салатыны туралы хат жолдағалы отырғанын мәлімдеді

  • 17 Шiлде
  • 3
Фото: msn.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда ставкаға қатысты нақты шешім әлі қабылданбады.

-Біз 150-ден астам елге төлем туралы хабар бермекпіз. Ол хабарда тариф мөлшері көрсетіледі, — деді Дональд Трамп.

Осыған дейін Трамп Бразиялияға 50%, Вьетнамға 19%, Канадаға 25%, ал Еуропалық Одаққа 30 пайыздық тариф, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдер мен көлік импортына баж салығын енгізетіні туралы хабарлаған болатын. Соңғы мәлімдеме осы хабар аясында жасалды.

Сондай-ақ осы ақпаратта Трамптың 2 сәуірде енгізіп, кейінге қалдырылған ауқымды тарифтері күшіне енетін мерзім — 1 тамыздың жақындап қалғаны айтылған.

Осыған байланысты көптеген елдер АҚШ-пен сауда келісімен жасап қалуға асығып жатыр.

Перейти к новостям спорта