Трамп АҚШ-тың Қазақстанға ықпалын арттыруы тиіс - сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп АҚШ-тың Қазақстанға ықпалын арттыруы тиіс - сарапшылар

Трамп АҚШ-тың Қазақстанға ықпалын арттыруы тиіс - сарапшылар

АҚШ сарапшылары биылғы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа Қазақстанмен арадағы байланысын нығайтуға кеңес беруде. The Daily Signal басылымында “Трамптың Қазақстандағы мүддесі. Ол не үшін маңызды?” деген атпен мақала жарияланды. 

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 1238
Фото - Caravan.kz

Мақалада Трамптың Қазақстанның тәуелсіздік алуын ғажайыпқа балағаны жазылған, деп хабарлайды Naryk.kz.

Америкалық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ядролық қарулану мүмкіндігі мен қос бүйірдегі Ресей мен Қытайдың ықпалы, Ауғанстан мәселесі, сонымен қатар Орталық Азиядағы діни экстремизм қаупінің жоғарылығы Трамптың Қазақстанмен әріптестікті нығайтуына түрткі болуы тиіс.

Нақтырақ айтар болсақ, Трамп Американың Қазақстандағы ықпалын арттыруы тиіс, дейді сарапшылар.


«Соңғы сегіз жылда Орталық Азия аймағы АҚШ-тың назарынан тыс қалып қойды. Егер Трамп Американың әлемдегі қуатын қалпына келтіргісі келсе, алдымен Қазақстаннан бастауы керек”, – делінген материалда.