Трамп кедей елдерге ВИЧ препараттарын жеткізуді тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп кедей елдерге ВИЧ препараттарын жеткізуді тоқтатады

Трамп кедей елдерге ВИЧ препараттарын жеткізуді тоқтатады

Ендігі таңда препарат жеткізбесе, млндаған адам көз жұмуы мүмкін. Себебі басым көпшілігі Африка елдері саналады және халықтың дәрі сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

  • 29 Қаңтар
  • 7
Фото: 1prime.ru

Трамптың тапсырмасынан кейін АҚШ әлемнің ондаған еліне түрлі бағдарлама бойынша қаржы бөлуді тоқтатып тастады. Қазір USAID бойынша жұмыс істейтін әлем елдеріндегі ұйымдар дабыл қағуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Reuters жазды.

АҚШ Африка мен Азияға СПИД, малярия, туберкулез, ана мен бала денсаулығына арналған түрлі дәрілер және басқа ауруларға арналған препараттарды жеткізуді тоқтатуда. Бұл ондаған елге тікелей өзінің әсерін тигізеді дейді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

USAID-тың әлемдік денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Атул Гаванденің сөзінше АҚШ 20 млнға жуық ВИЧ-пен ауыратын адамды қолдап келген. Ендігі таңда препарат жеткізбесе, млндаған адам көз жұмуы мүмкін. Себебі басым көпшілігі Африка елдері саналады және халықтың дәрі сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл бір ғана мысал. ВИЧ-тен бөлек түрлі ауруға вакцина жеткізіп отырған, ол жағы да тоқтап жатыр. 

«Трамп әкімшілігі ВИЧ, безгек және туберкулезге қарсы өмірлік маңызды препараттарды, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша USAID қолдайтын елдерге жаңа туған нәрестелерге арналған дәрі-дәрмектерді жеткізуді тоқтату шараларын қабылдады», — делінген басылымда.

АҚШ түрлі бағдарламаны қаржыландыруды 90 күннен кейін бастауы мүмкін. Үш ай деген тым көп уақыт. Мүмкін одан ерте бастауы да ықтимал. Бірақ осы аралықта млндар зардап шегеді дейді сарапшылар. Оның үстіне АҚШ бұрынғы бағдарламаның барлығына қайта оралуы да екіталай. Кей бағдарламалар түбегейлі жабылуы мүмкін. 

АҚШ әлемді минадан тазарту бағдарламаларын қолдап келген еді. Оны да уақытша тоқтатты. Бұл соғыс болып жатқан елге де, соғысы тоқтаған елге де қатысты шешім. Көп ел АҚШ қолдауынсыз өз аймағын минадан тазартуда тым баяу жұмыс істейді. Демек бұл шешімнің де салдары ауыр болмақ.