Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда Дональд Трамппен Вашингтонда келіссөз жүргізеді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
"Телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында.
Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтып кетті.
«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар — мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», — деді Назарбаев.