Трамп тағы да мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп тағы да мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеуге шақырды

Трамп тағы да мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеуге шақырды

АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан ықтимал кандидат Дональд Трамп Флоридадағы шабуылға түсініктеме бере келе, елге мұсылмандарды кіргізуге тыйым салуға шақырды деп хабарлайды BBC.

  • 13 Маусым 2016
  • 443
Фото - Caravan.kz

"Орландода болған оқиға, тек басы ғана. Біздің билік әлсіз әрі тиімсіз. Мен тыйым салуға шақырамын. Қаталдық керек", — деп жазған ол "Twitter" парақшасына.

Өткен жексенбіге қараған түні Орландо қаласында гей-клубта болған шабуылдан 50 адам қаза тапты. Бұл — АҚШ тарихында 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі адам шығыны көп болған ірі оқиғалардың бірі.

Ресми мәлімет бойынша, гей-клубқа шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Омар Матин, 29 жаста, этникалық ауған. АҚШ азаматы, Флорида штатының тұрғыны болған.

Америкалық билік гей-клубқа жасалған шабуыл арнайы қызмет Омар Матиннің экстремистік топтармен байланысы жоғын айтса да, идеологиялық мақсатта жасалған қылмыс болуы мүмкін дейді.


АҚШ президенті Барак Обама арнайы қызмет Омар Матин жайындағы мәліметті барынша тексеріп, оның экстремистік ұйымдармен қандай да бір байланысы бар-жоғын тексеру керек деп мәлімдеді.