Трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ - Алматы ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ - Алматы ІІД

Трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ - Алматы ІІД

Алматы қалалық полициясы трамвайдың қатысуымен болған апатқа полицейлердің қатысы жоқтығын мәлімдеді.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, апатты жағдайда тоқтаған трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ.

Осыны анықтау үшін қалалық ІІД-де тексеру жұмыстары өтті.

«Трамвай депосының қызметкерлеріне полицей өкілдері жолды босату туралы ешқандай бұйрық бермеген. Бұл вагон жетекшісінің сөзімен әрі жеделбасқару орталығының GPS навигациялық құрылғысының мәліметтерімен расталады. «102» пультына алғашқы дабыл 11:22-де түскен. Онда Шевченко бойында жүргізушісіз трамвай келе жатыр деген ақпарат айтылды», — деді С.Әзірбек.

Әзірге тергеу алды тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Айта кету керек, қыркүйектің 21 күні жүргізушісіз қозғалған трамвай Байтұрсынов көшесінде 14 көлікті соғып кеткен.

«Алматыэлектротранс» АҚ-ның хабарлауынша, төтенше жағдай трамвайдың ішінде от тұтанып, апатты жағдайда тоқтауының себебінен болған. Жолаушыларды шығарған соң жүргізуші трамвайдағы техникалық ақауды қалпына келтірем дегенше, көлік орнынан өздігінен қозғалып кеткен.

Соңғы жаңалықтар