Трансформациялау бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» компаниясын қысқа мерзімдегі жеңістерге жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трансформациялау бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» компаниясын қысқа мерзімдегі жеңістерге жеткізді

Трансформациялау бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» компаниясын қысқа мерзімдегі жеңістерге жеткізді

Трансформациялау бағдарламасы аясындағы қысқа мерзімде қол жеткізген жеңістер 2015 жылды «ҚазМұнайГаз» компаниясына кіріспен қорытындылауға мүмкіндік береді.

  • 8 Қазан 2015
  • 608
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев мәлім етті.

«Бізде трансформациялау бағдарламасы аясында тұрақты және тез арада қол жеткізген жеңістер бар. Осы орайда бізде қысқа мерзімде жүзеге асырылған жеңістеріміз көп. Олардың ішінде бастыларының біріне тоқталатын болсам, біз өзімізде адамдарды қызметке іріктеуден бастап еңбекақыны төлеуге дейін үдерісті тиісті деңгейге келтірдік», — деді ол «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациясы: проблемалар мен оларды іске асыру жолдары» атты «Эксперт» клубының отырысында. 
Сонымен қатар ол сыртқы конъюнктураның құлдырауына қарамастан, «ҚазМұнайГаз» жыл соңына қарай табыспен шығатындығын атап өтті.
«Операциялық шығыстар қысқартылуы мен өзге қадамдардың арқасында 2015 жылды кіріспен қорытындылаймыз», — деді Д.Берібаев.
Оның сөзіне қарағанда, компания шамамен былтырғы кіріс дәлізінде болады деп болжануда.
Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ-да трансформация форумы өтіп, онда Қордың трансформация Бағдарламасы ресми түрде таныстырылып, тұсаукесері өтті.

Соңғы жаңалықтар