Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының отырысы қазанда Алматыда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының отырысы қазанда Алматыда өтеді

Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының отырысы қазанда Алматыда өтеді

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының 4-отырысы қазанның 16 мен 21 аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Қазан 2006
  • 831
Фото - Caravan.kz

«Отырыста өзара мүдделер теңдігі мен ұзақ мерзімді перспективалардың негізінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері мен аталмыш өзендердегі іс-қызметті реттейтін құжаттардың жобасы қаралады»,- деп бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы 2003-жылы жұмыс істей бастаған. Ол ротациялық тәртіппен қазақстан мен Қытайда алма-кезек жиналады. Комиссияның үшінші отырысы 2005-жылдың қазан айында Шанхайда өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта