Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады
Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Трансмашхолдинг" ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокаревтің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
А.Бокарев теміржол саласының сұранысын өтеу үшін электровоздар, тепловоздар және жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі жаңа бірлескен кәсіпорын құру туралы инвестициялық жобаларды іске асыру ұсынысын енгізді.
Премьер-министр ресейлік компанияның Қазақстан нарығына келу бастамасын мақұлдай отырып, "ҚТЖ"ҰК" АҚ президенті Асқар Маминге "Трансмашхолдинг" компаниясының жетекшілігімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін