Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Трансмашхолдинг Қазақстан жерінде теміржол саласына қажетті өнім шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Трансмашхолдинг" ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокаревтің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 342
Фото - Caravan.kz

А.Бокарев теміржол саласының сұранысын өтеу үшін электровоздар, тепловоздар және жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі жаңа бірлескен кәсіпорын құру туралы инвестициялық жобаларды іске асыру ұсынысын енгізді.

Премьер-министр ресейлік компанияның Қазақстан нарығына келу бастамасын мақұлдай отырып, «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Асқар Маминге «Трансмашхолдинг» компаниясының жетекшілігімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар