"Транснефть" жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2003-жылы 400 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Транснефть" жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2003-жылы 400 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады

"Транснефть" жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2003-жылы 400 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады

"Транснефть" мұнай компаниясы" ААҚ 2003-жылы магистралдық құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемін 6,8 процентке, немесе 400 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Транснефть мұнай компаниясы" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2003
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Транснефть» мұнай компаниясы» ААҚ-ның президенті Семен Вайнштоктың айтуына қарағанда, бұл көлемнің едәуір бөлігін ТМД елдерінің мұнайы иемденеді. Атап айтсақ, жыл сайын 2,5 млн. тонна әзербайжан мұнайы тасымалданатын Баку-Новоросийск мұнай құбырына айрықша маңыз беріледі. Алайда, С.Вайнштоктың айтуынша, Новороссийск жүйесінің мұнай өткізгіштік қабілеті 4 жылдың ішінде 32 млн.-нан 47 млн.-ға дейін ұлғайтылғандықтан жоғарыдағы көрсеткіш біршама артуы мүмкін.

Ресей үшін ең маңызды істердің қатарында С.Вайншток сондай-ақ, жақында жаңалаудан өткен Атырау-Самара мұнай құбырын атады. Бұл құбырмен жыл сайын Ресейге 15 млн. тонна Қазақстан мұнайы жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар