Transparency Kazakhstan еліміздің білім беру жүйесіндегі жемқорлықпен күрес тетіктерін ойлап таппақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Transparency Kazakhstan еліміздің білім беру жүйесіндегі жемқорлықпен күрес тетіктерін ойлап таппақшы

Transparency Kazakhstan еліміздің білім беру жүйесіндегі жемқорлықпен күрес тетіктерін ойлап таппақшы

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры Фридри Эберт қорымен бірлесе отырып "Жоғары білім беру жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы қоғамдық бастамалар" деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастыруда. Шара қорытындысы бойынша қор еліміздің білім беру жүйесіндегі жемқорлықпен күрес тетіктерін ойлап таппақшы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 984
Фото - Caravan.kz

Сарапшылық сауалнама тәсілімен Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры 2004-жылғы қараша айында жүргізген зерттеуге сәйкес, еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі жемқорлық деңгейі айрықша жоғары және ол жүйелі сипатқа ие болған, деді Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Сергей Злотников. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 54 проценті жемқорлық деңгейін жоғары деп бағаласа, тек 6 проценті ғана еліміздің жоғары білім ошақтарында бұл құбылыс өте сирек кездеседі және онда да жүйенің жекелеген буындарында ғана бар деп санайды.

Кейбір оқытушылар мен қазір таратылған жоғары аттестациялық комиссия төтенше жоғары деңгейде жемқорлыққа бейім. Бұдан кейінгі орындарда факультеттердің декандары, білім және ғылым министрлігінің басшылығы мен оның жоғары білім департаменті тұр. Жоғары оқу орындарының ректораты мен кафедраларында жемқорлық ең төмен деңгейде көрініс тапқан. Сондай-ақ, респонденттердің айтуынша, жекелеген оқытушылар мен студенттер жемқорлықтан аз қорғалған.
Жемқорлықтың негізгі етек алу себептері ретінде оқытушылар жалақысының төмендігі, жоғары оқу орындарын жекешелендіру, мемлекеттік шенеуніктердің диссертация қорғауы, білім беру ісіне лицензия беру, жоғары оқу орындарын мемлекет тарапынан аккредитациялау мен аттестациялау аталды. Әсіресе, мемлекеттік жоғары оқу орындарында жемқорлық шарықтау шегіне жетіп тұр(респонденттердің 64 проценті).
С.Злотниковтың пайымдауынша, жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты азайту бағытында қазірдің өзінде бірнеше қадамдарды атауға болады. Ол үшін жоғары оқу орындары іс-қызметінің ең маңызды тұстарына, соның ішінде жоғары оқу орындары басшылығының қаржыны пайдалануына, жоғары оқу орындарына түсу , аралық және бітіру емтихандарының барысына, ғылыми атақтар беру, оқытушыны қандайбір лауазымға тағайындау жөніндегі шешім қабылдаудың коллегиялық жүйесіне қоғамдық бақылау қою жүйесін құру қажет.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында әзірленген ұсыныстар ҚР білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне ұсынылады

Перейти к новостям спорта