Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 9-шы отырысы барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев айтты.
Ол бұл бағыттағы күресті дамыту үшін мемлекеттердің құқықтық органдары тығыз қарым-қатынас орнатуы қажет деген пікір білдірді. Жиынға қатысушылар тарапынан бұл ұсыныс қызу қолдауға ие болып, алдағы уақытта бұл мәселені арнайы қарауға келісті.