Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Желтоқсан қозғалысының жетекшісі Гүлбахрам Жүсіп бұл жолы Айяны ерекше қарсы алды.
"Қош келдің, Айя! Мен алдынғы бағдарламаға келгенде дүйім жұрттың алдында саған еліңнің мақтан тұтар ұлы болшы деп айтып едім. Әрі қарай саған қамқор болуға, қолдау көрсетуге аналық жүрегіммен дайынмын",-деді.
Ал, Айя бетіндегі барлық бояуын эфирде шешіп тастады. Тіпті кірпігіне дейін алып тастады.
Журналист шын есімің кім дегенде: Нұрбақыт,-деп жауап берді.
"Мен осыдан бір жыл бұрын трансқа айналған едім. Міне бір жылдан соң ол өмірмен қоштасып отырмын. Бұл менің азамат болуға деген алғашқы қадамым. Маған біраз уақыт керек" ,-деді Нұрбақыт.