ТШО құрылыс нысандарындағы жұмыс ырғағы түзелді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТШО құрылыс нысандарындағы жұмыс ырғағы түзелді

ТШО құрылыс нысандарындағы жұмыс ырғағы түзелді

"Теңізшевройл" Бірлескен кәсіпорнының шикі газ айдау жобасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарында бүгін, 18-сәуірде жұмыс ырғығы қалпына келтірілді. Өткен аптада мұнда жұмысшылар арасында қақтығыс шыққаны белгілі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТШО баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 649
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш құрылыс алаңы мен басқа да ТШО нысандарында ахуал тұрақтанып, жұмыс үрдісі қалыпты режимге көшті. Атырау облысы әкімшілігі, ТШО және «Сенімді құрылыс» ЖШС басшылығы жұмысшылар ортаға салған арыз-өтініштерді қарады.

«ТШО өз қабырғасында бірнеше жылдан бері қалыптасып келе жатқан үрдіс — барлық жұмысшы-қызметкерлерге бірдей лайықты құрмет-ілтипат таныту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық мердігерлік және субмердігерлік ұйымдармен етене жақын ықпалдастық орнату ісін одан әрі жалғастырады»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірде «Теңізшевройл» Бірлескен кәсіпорнының шикі газ айдау жобасы бойынша «Сенімді құрылыс» ЖШС салып жатқан құрылыс нысандарында Қазақстан және Түркиялық құрылысшылар арасында қақтығыс болғаны белгілі. Төбелеске 100-дей адам қатысты. Соның салдарынан екі адам мардымсыз дене жарақатын алып, бір адам біршама ауыр зардап шекті.

Перейти к новостям спорта