ТШО Теңіз кен орнында ауаға газ тастағаны үшін Т1 млрд-қа жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТШО Теңіз кен орнында ауаға газ тастағаны үшін Т1 млрд-қа жазаланады

ТШО Теңіз кен орнында ауаға газ тастағаны үшін Т1 млрд-қа жазаланады

«Теңізшевройл» компаниясынан Теңіз кен орнында ауаға газ тастағаны салдарынан экологияға келтірілген залал үшін Т1 млрд-тан аса қаржы өндіріп алынады, деп мәлім етті Орал-Каспий экология департаменті инспекциясының бастығы Қабижан Қапанов.

  • 22 Шiлде 2011
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында 29 және 30 маусымда Теңіз кен орнында орналасқан зауытта жабдықтардың тоқтап қалуына байланысты ауаға газ түскен. «Теңізшевройл» компаниясына 134 млн теңге айыппұл салынып, қоршаған ортаға келтірілген 1 млрд теңге көлеміндегі залал өндіріп алынады», — деді Қ. Қапанов жұма күні ҚазТАГ тілшісіне.

«Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Теңіз кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру үшін құрылды. 2033 жылға дейін Теңіз кен орнының коллекторындағы мұнайдың алынатын қоры 750 млн-нан 1,1 млрд тоннаға дейін болады. Теңіз коллекторының жалпы барланған қорлары 3 млрд тонна және Королевское кен орнында 190 млн тоннаны құрайды. ТШО қатысушылары — ChevronTexaco Overseas (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (20%) және LuKArco (5%).

Соңғы жаңалықтар