"Туа сала Ерке қақшаңдап алыпты": Жақында сәбилі болған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтып, ағынан жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Туа сала Ерке қақшаңдап алыпты": Жақында сәбилі болған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтып, ағынан жарылды

"Туа сала Ерке қақшаңдап алыпты": Жақында сәбилі болған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтып, ағынан жарылды

Атышулы Ерке Есмахан мен Райым Бақтыгереев жақында сәбилі болып, көптің ыстық ықыласына бөленген еді.

  • 9 Қаңтар
  • 3152
Фото - Caravan.kz

Жас ана өзінің сүйікті тыңдармандарына қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасының "Stories" бөлімінде мәлім етті. Айтуынша бүгінде сәби мен өзінің жағдайы жақсы, олар перзентханадан шығып, үйлеріне жеткен. 

"Сәлем инста, біз үйдеміз және суреттегі "тема" басталып кетті. Туа сала мына Ерке қақшаңдап кетіпті ғой демесін деп. Әрине көз тимесін деп кішкене инстадан алшақтадым үлкендерді тыңдап. Ертең барлығын айтып, көрсетемін. Іздеп жатқандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға сансыз шүкір" деп жазды ол.