"Түбі ашылатын бір шындық бар": Ақбота Керімбекова Майғазиевке қатысты пікірін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түбі ашылатын бір шындық бар": Ақбота Керімбекова Майғазиевке қатысты пікірін айтты

"Түбі ашылатын бір шындық бар": Ақбота Керімбекова Майғазиевке қатысты пікірін айтты

Жыл бойғы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген 572 миллион теңге қаржы дауы толастамай тұр. 

  • 28 Наурыз 2021
  • 4973
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевке қолдау білдірді. 

"Қазіргі қоғамда кешегі ел сүйкімдісінің болмысын “бүгіншелеп” сүреңсізге айналдыру тенденциясы белең алып бара ма, қалай өзі?!. “Біздің сапқа” Сәкенді де қосыпты.

Басқа-басқа, Сәкенді мен білемін, мен танимын!.. Сөзім жоқ!.. Аңғал ақ Сәкенді де өкпеге қиғаны өкінішті!..

"МузАрт концерті үшін жасалған 30 миллиондық келісімшартқа да Майғазиевтің өзі қол қойған"

Әнші-әртіс байғұс түскен суреті, ішкен асы, киген киімі, “тиген байы”, “алған қатыны”, тағайындалған қызметі, оның бер жағы ел деген еміренісі үшін “дұшпан”, “ата жау”!.. Қашанға дейін?! Келесі қай мамандық өкілін “күндеу каленьдарына” белгілеп отыр екен мына қоғам?..

Сәкеш, Құдайымызға түзу болайық! Баласындай баптап жатқан да, табанға салып таптап жатқан да өз Қазағымыз ғой… Не дей аламыз?.. Жоқтаудың үні қалып қойған құлақтарды әсем әнімізбен жұбатайықшы деген ойымызды да дұрыс көрмеді-ау!..

Күндесе де өз Қазағымыз күндесін, қараласа да өз Қазағымыз қараласын, көтереміз!.. Қайтеміз енді?.. Тәуекел!

Түбі ашылатын бір шындық бар, сабырлы болайық, ағайын!", деп жазды әнші. 

"АЛЛА разы болсын, Боташка", деп Сәкен Майғазиев өзін қолдаған әріптесіне ризашылығын білдірді. 


Соңғы жаңалықтар