Көпшілік олардың мұндай отырысын сынға алған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Мұндай сурет желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған.
Онда марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен ата-анасын, әпкелерін және осы іске атсалысқан адвокаттарды көруге болады.
Желі қолданушылары Нүкенованың жақындарының мұндай отырысын құптамаған. Олар: «Туған күнде отырғандай несіне жетісіп күліп отырсыңдар?!», «Мына кісілердің арасында Салтанат та болса ғой», «Осыны желіге салмасаңыздар да болатын еді», «Үстелде тіпті ішімдікке дейін тұр, бір түрлі екен, тойлатып отырғандай» деген пікірлерін жаудырып жатыр.