Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бөлек ауылының тұрғыны туған қыздарын зорлады деген күдікті әке қазіргі таңда қамауда отыр.
Ғалия есімді қазақ әйел күдіктінің үшінші әйелі.
— Мен үшінші әйелімін. Бірге тұрғаныма 14 жыл болды. Мені күйеуім алдады. Ажырасқаныма 8 жыл болды, әйелім жоқ деген болатын. Оның отбасы бар екенін білген жоқпын. Бірінші әйелінен ажырасқан. Қазір үйде екінші әйелі және мен. жыл болды. Бәріміз бірге тұрамыз. Аяғым ауыр болған кезде үйге келуімді айтты. Екінші әйелі өте жақсы адам. Мені жақсы қарсы алды. Балама өте жақсы қарады. Менің бұл еркектен екі ұлым бар.
Осы жайттардан соң, балаларыммен ашық сөйлесуге тырыстым. Бір балам өте тұйық. Олар "жоқ, бізге ешқандай тиіспеді" деп айтты, дейді күдіктінің үшінші әйелі.
Ғалия уйіндегі әйелдері мен балаларын да қатал ұстап, ұрып-соғатынын айтты.
— Ешқандай қыздарды зорлап келгені туралы күмән болмады. Бірақ, екі қыз солай деп айтты. Мен күйеуіме емес, қыздарға сенемін, деді Ғалия.
Бірінші әйелге қыздары "біз отбасындағы мәселені сыртқа шығармаймыз. Ешкімге жарияламаймыз", деп айтқан.
Сонымен қатар, "ол екі түрлі адам сияқты. Бір сәтте ұра салады. Ал, енді жарты сағаттан соң, басқаша болып шыға келеді. Ішінде жын бар сияқты" дейді.
Күдіктінің ағасы:
— Отбасында 6 ұл, 4 қызбыз. Мен үлкен ағасымын. Осы сұмдықты білгеннен соң, қолыма құран алып ініме барып, сөйлестім. Құран ұстап ант ете аласың ба дедім. Ол да "иә, ант етемін, ештеңе жасамадым" деді. Мен ініме сенемін. Оны ұйымдастырып отырған әйелдері. Жұмысын да жақсы жасайды. Ол кінәлі емес. Қыздар кішкентай кезінен бұрыс жолға түскен. 5-ші сыныптан бастап солай. Сабаққа барудың орнына паркте қыдырып жүреді, деп бауырын жақтады.
Сонымен қатар күдіутінің қарындасы да бауырын жақтады:
— Әкелерің тиран десем, қыздар әкелерін жақтайды. Әкеміз өте жақсы адам деп айтады. Оған шаң жуытпайды, деді.