Туған әкесінен әбден көңілі қалған бойжеткен өлгісі келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған әкесінен әбден көңілі қалған бойжеткен өлгісі келетінін айтты

Туған әкесінен әбден көңілі қалған бойжеткен өлгісі келетінін айтты

Өз әкесінен жылулық көрмей, көңілі қалған бойжеткенннің әлеумметтік желіде жазған хаты елдің назарын аудартты. Онда әкесінен түңілген жас бойжеткен соңғы қадамға барғысы келетінін айтыпты.

  • 30 Қазан 2017
  • 1181
Фото - Caravan.kz

Қоғамдағы, отбасындағы келеңсіз жағдайды Caravan.kz медиа-порталы да жариялауды жөн көрді. Ал енді ғана жоғарғы оқу орнының студенті атанған қыздың хаты төмендегідей:

 Маган сіздердің ақылдарыңыз қажет болып тұр. Менің әке-шешем бар. Бірге тұрамыз. Бірақ әкем өмірі не тамаққа, не киімге, не басқаға ақша бермейді бізге. Мамамның ақшасына күн көріп келеміз. Киім мүлдем жоқ, тозды дегенде әрең жұлынып бір әпереді болды. Мамамның алатын айлығы 30 мың теңге ғана. Ол тамақтан аспайды. 5 балаға арең жетеді. Мен үйде үлкенімін. Колледж бітірдім өз күшіммен грантпен. Аллама соған шүкір деймін. Енді ЖОО-на тапсырдым, бірақ грант болмады. Келесі апта сессия басталады. Әкеме жолыма ақша керек десем жұлынып айқайлап шықты. Кетіп қалайык десек баратын үй жок. Біз әкелген тамакты жеп алады.Тамак пыспай жатса дайын емес па деп жұлынады. Не істесем болады? Осы қазір өлгім кеп отыр. Жалығып кеттім. Алла өзі кешірсін өлгім келгені үшін.

Әке болып көмектесіп, қолдау көрсетпейді. Туысынан басқасын керек қылмайды…Жұмыс іздеп таппадым… Стаж жок деп алмайды…Қиналып кеттім. Бәріміз одан жалықтық. Мамама кетіп қалайык десем баламен қайда барамыз, үй жоқ қой дейді. Ажырасатын болсақ ол үй бәрібір бізге бөлінбейді дейді. Себебі ол үйді сатып алғанда ағасының атына жазып, өзіне сый ретинде берген сияқты қылып аудартып алған. Ұзақ болып кетсе кешірім сұраймын. Бірақ рас, не істерімізді білмей басымыз қатып кетті.