Туған еліндегі соғыс туралы жақ ашпаған Ани Лорак Қазақстанда концерт өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған еліндегі соғыс туралы жақ ашпаған Ани Лорак Қазақстанда концерт өткізбек

Туған еліндегі соғыс туралы жақ ашпаған Ани Лорак Қазақстанда концерт өткізбек

Украиналық әнші, Украинаның халық әртісі Ани Лорак Қазақстанда концерт өткізбек.

  • 24 Наурыз 2023
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Туған елі Украинада соғыс болып жатқаны жайлы жақ ашпай, керісінше Ресейде өнер көрсетіп жүрген әнші 25 мамыр күні Алматыда жеке концертін өткізбек.

Концерттің билет бағасы 17 мыңнан басталып 100 мыңға дейін барады. Қазірдің өзінде 100 мың теңге тұратын билеттің бірі де қалмай, әншінің алматылық жанкүйерлері оны сатып алып үлгерген.