Туған күніне ешкім келмеген баланың суреті бүкіл әлемге таралып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған күніне ешкім келмеген баланың суреті бүкіл әлемге таралып кетті

Туған күніне ешкім келмеген баланың суреті бүкіл әлемге таралып кетті

Футбол клубы мен баскетбол командасы Теддидің оқиғасын естіп, оны отбасымен бірге матчты тегін тамашалауға шақырды.

  • 25 Қазан 2018
  • 52
Фото - Caravan.kz

Алты жасар Тедди сыныптастарын туған күніне шақырған, алайда оған ешкім келмепті.  

Пицца қойылған үстелде жалғыз отырған баланың мұңды суреті әлеуметтік желідегілердің көңілін құлазытты.  

АҚШ-тың Аризона штатындағы Тусон қаласында тұратын оқушының туған күні 3 қазанда болған, алайда әкесінің іссапарда болуына байланысты тойлауды жиырма біріне ауыстырған екен.

Теддидің анасы Fox 10-ға ұлының сыныптастарына 32 сыйлық пакетін дайындағанын айтты. Ол тіпті кейбір ата-аналармен сөйлесіпті, олар кешке балаларын ертіп келуге уәде берген.   

 Туған күнінде жылы сөз естімеген Теддидің оқиғасы "Финикс Райзинг" футбол клубы мен "Финикс Санс" баскетбол командасының назарын аударды. Олар балаға және оның отбасына осы аптадағы матчқа билет сыйға тартпақ.


"Тедди, осы жұмада жеті мың жақын досыңа қосыл!", — деп жазды "Финикс Райзинг".

Футбол клубының вице-президенті Теди трибунада болатынын растады.

Желіде қолданушылар Теддидің атына құттықтау хаттарын жаудырып жатыр.

Осындай жағдай екі жыл бұрын Орегон штатында болды. Өрт сөндірушілер туған күнін жалғыз қарсы алған бала үшін жеке экскурсия өткізген болатын.