Туған қызын 700 мың теңгеге сатпақ болған келіншекке қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған қызын 700 мың теңгеге сатпақ болған келіншекке қатысты сот басталды

Туған қызын 700 мың теңгеге сатпақ болған келіншекке қатысты сот басталды

Ақтөбеде өзінің туған қызын саудалаған келіншек сот алдында жауап беріп жатыр. Есірткіге тәукелді азаматша бауыр еті баласын 700 мың теңгеге бағалаған болатын. Жәбірленуші кәмелетжасқа толмағандықтан, сот жабық есік жағдайында өтуде.   

  • 4 Қазан 2013
  • 203
Фото - Caravan.kz


Мына Ирина есімді келіншек екі жылдан бері нашақор және ішімдікке салынғандар санатында есепте тұр. Есірткіге елірген қос көңілдес 5 жасар бүлдіршінді әлдекімге сатпақ болып, ақша алып жатқан кезде қолға түсті. Сот отырысында ол қылмысын жартылай ғана мойындады. Қызымды тек демалыс күндері алып кетуге ғана келістім деп ақталуда. Ал бес жасар қызы болса қазір уақытша бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Сот үкімінен соң ол жетімдер үйіне жіберіледі.