«Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр барысы» атағын иеленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр барысы» атағын иеленбек

«Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр барысы» атағын иеленбек

Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде 27 сәуір күні қазақ күресінен Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық «Алтын белбеу» ақтық жарысы басталады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 477
Фото - Caravan.kz

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылатын спорттық бәсекеге Қызылорда, Байқоңыр  қалалары мен аудандардан  9 команда, 252 спортшы  сынға түседі.

Жарысқа әр ауданнан 28 спортшы қатысады. Дүбірлі дода қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінген. Алдымен 1999-2000 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы белдесулер 9 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Онан соң 1997-98 жылғы жасөспірімдер бәсекесі — 7 салмақ,  1995-96 жылғы жастар  мен ересектер  арасындағы белдесулер 6 салмақ дәрежесі бойынша өтетін болады.

Жарыста  «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр барысы»  атағын иеленіп,  «Алтын белбеу» еншілейді.


Бұл сыннан іріктеліп шыққан екі палуан 29 маусымда Астана қаласында болатын «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады. 

Жарыстың салтанатты ашылуы 27 сәуір күні сағат 10.00-де «Еуразия» спорт кешенінде болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера